Сыншы Шериаздан Елеукеновтің туғанына - 95 жыл

993
Adyrna.kz Telegram
Фото: zharar.com
Фото: zharar.com

1929 жылы 3 қыркүйекте әдеби сыншы Шериаздан Елеукенов дүниеге келген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Биыл - филология ғылымдарының докторы, профессор ғалымның 95 жылдығы.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шериаздан Елеукенов бір кездегі Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1951 жылы тәмамдаған.

Әдеби қызметкер «Алтай большевигі» («Рудный Алтай»), «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газеттері бөлімінің меңгерушісі, кейіннен Абай атындағы ҚазМУ-дың аға оқытушысы, нұсқаушы, сектор меңгерушісі, Қазақстан КП ОК аппарат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1971-1986 жж. - Мемлекеттік баспа комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған.

1986-1988 жж. – орыс әдебиеті бөлімінің директоры, 1988-1996 жж. – меңгерушісі, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті кітаптану кафедрасының профессоры болған.

Шериаздан Елеукенов жазушы, публицист ретінде де белгілі. Оның «Емтихан» («Экзамен») атты сатиралық пьесасы өз кезінде Жамбыл және Қызылорда облыстық театрларында қойылған. Ал «Ат қоюдың әлегі» скетчі «Тамаша» бағдарламасында көрсетілген. Сондай-ақ, қаламгер бірнеше әңгіме, очерк, фельетон мен эссенің авторы: «Он екі бет роман», «Толық адам», «Алаш азаматы», «Қаныштың домбырасы», «Жапония: күнгейі мен теріскейі».

Әдебиет майталманы Шериаздан Елеукенов 2020 жылы өмірден өтті.

Пікірлер