Олимпиада жүлдегерлеріне білім гранттары табысталды

766
Adyrna.kz Telegram
Фото: Академияның баспасөз қызметі
Фото: Академияның баспасөз қызметі

Олимпиадада жүлде алған спортшылар Қазақ спорт және туризм академиясында тегін білім алады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне білім гранттарын табыстабы. Дәлірек айтсақ, Демеу Жадыраевқа докторантурада, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа магистратурада тегін білім алуға мүмкіндік беретін Академия грантын табыс етті.

Олимпиада жүлдегерлеріне білім гранттары академияның бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімінде табысталды. Жеңімпаз спортшылар - Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов, Ғұсман Қырғызбаев, Назым Қызайбай, Ислам Сәтбаев Қазақ спорт және туризм академиясының түлектері. Олардың есімі академияның Құрмет тақтасына алтын әріппен жазылады.

Пікірлер