Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

1033
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бүгін, 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ Aqorda телеграм арнасында мәтін түрінде трансляция жүреді.

«Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады», — деп хабарлады Ақорда.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Пікірлер