Үш адам жансақтау бөлімінде. Ақтөбеде жол апаты болды

1451
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/zhol-apaty-960x500.jpg?token=a32f6bdd27479b8cbda95bc2ee1fbb44
Ақтөбеде Әлия Молдағұлова даңғылындағы көпір аумағында ВАЗ және Honda автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан 4 адам зардап шекті. Бұл туралы «Диапазон» басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Басылымының жазуынша, оқиға 1 қыркүйек күні болған. ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Honda жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жасы 40 пен 68 жас аралығында. «Зардап шегушілердің бірі ауруханаға жатқызудан бас тартты және амбулаториялық емделетін болады. Зардап шеккендердің үшеуі көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды, олар әлі жансақтау бөлімінде», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Комментарии