Париж Олимпиадасы паралимпиада ойындарымен жалғасып жатыр. Жүлде бойынша алғашқы ондықтың қатарында Өзбекстан құрамасы бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстан құрамасы паралимпиада ойындарының нәтижесінде бір күміс бар. Оны Еркін Ғаббасов жеңіп алды. Пара спортшы финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз қарсыластарынан басым түсіп, 247.7 ұпай жинады. Осылайша күмісті еншілеген. Қазақстан құрамасы 48 орынды иеленіп тұр.
Ал жүлделер бойынша алғашқы үштікті Қытай бастап тұрса, екінші орында Ұлыбритания, үшінші орында Бразилия тұр.
Ал Өзбекстан ұлттық паралимпиада комитеті ел құрамасында 11 жүлде бар екенін мәлімдеді. Осылайша көршілес республика жетінші орынға жайғасты.
Жүлделердің бесеуі алтын, үшеуі күміс, үшеуі қола.