Арыстың балаларын ұрып-соққан кім? (видео)

15497
Adyrna.kz Telegram

Арыстағы жарылыстанкейін жергілікті балаларды демалыс-сауықтыру лагерлеріне жіберген болатын. Кейбіреуі басқа облыстарда демалды. Жаңа оқу жылы басталғанша балалар алаңсыз демалсын, сергісін, жарылыс қорқынышын ұмытсын деген балалар лагерде таяқ жеп жүрген көрінеді.

Бұл жайлы белгілі заңгер Айгүл Орынбек жазды. Лагерде демалып жатқан балалардың ата-аналары қоғам белсендісінен көмек сұрап хабарласыпты.

"Түркістан облысына қарасты Бүргіліктегі "Сұңқар" лагері.
Тәрбиеші балаларды теуіп, боқтап ұруда.
Облыста құрлыс оңып тұрған жоқ. Білім, тәрбие беретін орындарымыздың сиқы мынау. Арыстың балалары қәзір үйлері біткенше лагерлерге жіберілген. Ата-аналары балаларымыздың демалып жатыр деп ойлап жүр ау! Қайдан білсін таяқ астында жүргенін! Ал лагерлер Сталин кезіндегі "Алжир" лагеріне ұқсап тұр. Ал балалардың құқығын қорғайтын обудсмен Аружан Сайн әу деңіз, мынау не масқара?!" деп жазған Айгүл Орынбек.

Ата-аналар болса полиция шақырғанмен олар бәрібір істі жылы жауып қояды деп алаңдауда. Балаларды ұрған тәрбиеші сол лагердің бастығының сіңлісі, сондықтан жабулы қазан жабулы күйінде қалады дейді.

"Келесі жылы баламды лагерге жаздырып, жіберемін ба деп отырсам. Мынадан кейін қайтіп жіберемін" дейді тағы бір ашынған ана.

[embed]https://www.facebook.com/100007981087790/videos/2415574188718594/[/embed]

Видео фейсбук желісінен көшіріліп алынды.

Тиісті орындардан ресми жауап күтеміз.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер