Ақтауда ірі тұрғын үй кешені өртенді

1532
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/86395655-1674-4086-a964-d46e88f6cdac.jpeg

Ақтауда 29 тамыз күні сағат 06:02 шамасында 10 қабатты «OTYRAR CITY» тұрғын үй кешені өртенді. Өртті Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өшірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порта

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес үйдің 1-ден 10 қабатқа дейін 2100 шаршы метрі жанған. Өрттің пәтерлерді шарпып кетуіне жол берілмеген.

”Сағат 06:18 шамасында өрт сөндірілді. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін

60 тұрғын (оның ішінде 15 бала) ғимараттан өз бетінше шығып кеткен. ТЖД қызметкерлері 15 адам эвакуациялады, оның ішінде 8 бала. Зардап шеккендер жоқ”, - делінген Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртке оранған «OTYRAR CITY» тұрғын үй кешенін «K7 group» құрылыс компаниясы қалпына келтіреді.

Комментарии