Қырғызстанда халық әртісі студентті соққыға жыққаны айтылды

1528
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/kisen-960x500.jpg?token=1a3cc6ffea18ae3bfe2d1f7eefdc726b
Қырғызстанда халық әртісі, балетмейстер Ақан Нұртазин балет мектебінің студентін ұрып тастағаны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қырғызстан БАҚ оқиғаның өткен жылы болғанын хабарлады. Студенттің айтуынша 15 мамыр күні Бішкек хореографиялық училищесінің директорының қабылдау бөлмесінде оны балетмейстер ұра бастаған. Қатты соққыдан студенттің миы шайқалып, ұстаздың үстінен арыз түсіріпті. Училище студенті соққыдан кейін емтиханды да дұрыс тапсыра алмай, оқудан шығып кеткенін айтады. Халық әртісінің үстінен қылмыстық кодекс бойынша іс қозғалып, Ақан Нұртазин кінәлі деп танылған. Ол бір жыл бас бостандығынан айырылды.
Комментарии