Мәскеуде ер адам өз әйелі мен баласын он алтыншы қабаттан лақтырып жіберді

1302
Adyrna.kz Telegram

Мәскеулік азамат өзінің әйелі мен баласын он алтыншы қабаттың терезесінен лақтырып жіберген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Стархит сайтына сілтеп. 

Оқиға 25 тамыз күні Мәскеудегі  «Лефортово паркі» тұрғын үй кешенінде болған.

Әйелі мен баласы сол жерде көз жұмды. Қылмыскер қаскөйлік ісінен кейін де терезеден түрлі боқауыз сөздер айтып, тыр жалаңаш күйде үйіндегі заттарын лақтырған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жеткен. БАҚ ұсталған 39 жастағы азаматтың Ресей Федерациясының орталық банкінің қызметкері екенін айтты. Олар жұбайымен үш жыл некеде болған.

«Ол ұзақ уақыт бойы терезеде жалаңаш тұрып алып, заттарын лақтырды. Қазір «Лефортово паркі» тұрғын үй кешенінің ауласы қоршауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды, жағдай прокуратураның бақылауында», - деді дереккөз.

Москвич скинул жену и младенца с 16 этажа. Сам он стоит в окне и продолжает творить безумства

«Красноказарменная көшесіндегі тұрғын үйдің терезелерінің астынан ауыр жарақаттары бар әйел мен жас баланың мәйіттері табылды. Құқық қорғау органдарының жұмысын Лефортово ауданаралық прокуроры Зафар Махмудов үйлестіруде. Прокуратура оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды, сондай-ақ тергеуге дейінгі тексеру барысын және оның қорытындысы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешімнің қабылдануын бақылайды», - деп жазды Мәскеулік департамент өкілдері.

Пікірлер