Алматыда жанармай құю бекетінде көлік өртенді

1201
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 22 тамызда Алматыда жанармай құю станциясында ірі өрт орын алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«22 тамызда сағат 16.48-де Алатау ауданының өрт сөндірушілері Аққайнар көшесі 1/18 «Газпромнефть» ЖҚС мекенжайына шұғыл шақыртумен жетті. Сағат 16.55-те жеткен төтенше жағдай қызметкерлері «Газпром» газ толтыру стансасының аумағында «Тойота Хайландер» автокөлігі ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрт ыстықтан еріген газды су жылытқышқа өткізіп, жарылыс қаупін туғызған», - делінген хабарламада.

Өрт сағат 17.00-де сөндірілді деп хабарланды. Газ жабдықтары мен резервуарды шайып, салқындату жұмыстары жүргізілді.

«Ешқандай зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына 10 жедел жәрдем қызметкері мен екі техника шықты», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ өрт сөндіруші Эльдар Молдабаевтың өз өмірін қатерге тігіп, отқа оранған жанар-жағармай құйылған газ диспенсерінің шүмектерін жауып, сол арқылы жанар-жағармай құю бекетіндегі жарылыстың алдын алғаны айтылды.

Пікірлер