Белгілі зауыт директоры 65 миллионнан астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

1676
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық газ өңдеу зауытының директоры Болат Байшуақов 65 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеп. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысы бойынша «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Ол мүлікті аукционсыз заңсыз сатты деген күдікке ілінді. Келтірілген шығын көлемі 65 миллион теңгеден асады.

Байшуақов қазір қамауда отыр. Ол бұл қызметке 2023 жылдың басында келген.

Зауыт «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «МаңғыстаумұнайГаз» АҚ, «Тасбулат Ойл Корпорейшн» ЖШС және «Tenge Oil&Gas» ЖШС кен орындарынан табиғи, ілеспе мұнай газы мен газ конденсатын өңдеумен айналысады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер