Алматыда «Даму бала» бағдарламасына жүйелі көзқарас енгізіліп, оған сапалы қызмет көрсетушілер ғана қатыса алады

687
Adyrna.kz Telegram

Ерболат Досаев «Даму бала» бағдарламасының жеткізушілеріне төлем жағын шешуді тапсырды.Алматыда «Даму бала» бағдарламасына қатысты жүйелі тәртіп орнатылады. Тек адал қызмет көрсететін жеткізушілер жұмыс істей алады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Әкім Алматы еліміздегі «Даму бала» бағдарламасына жеткілікті көлемде ақша бөлген жалғыз өңір екенін атап өтті.

«Көпшілігі бағдарламаны қысқартты. Бізде қалаға 16,5 млрд теңге бөлінді. Біз бағдарламаны үнемі қолдап отырамыз және оны одан сайын жақсартамыз деп үміттенеміз», - деді әкім халықтың сұрақтарына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, әкім «Артспорт» платформасынан «Даму бала» платформасына көшу кезінде ескі ваучерлер қалғанын, олар осы жылдың соңына дейін жарамды екенін айтты.

«Жаңа жылда – жүйелі тәртіп пен адал қызмет көрсететін кәсіпкерлерден тұратын жаңа ваучерлер болады. Бағдарламаны қуана қолдаймын және қажет болса «Даму бала» бағдарламасын кеңейту үшін қосымша қаржы көздерін табамын. Біз өткен жылдың екінші жартысынан және биылдан бастап сапалы қызмет көрсетушілерді табуға тырысамыз», - деді әкім.

Сондай-ақ, қала басшысы қаржы басқармасы мен Медеу ауданының әкімдігіне кәсіпкерлерге, «Даму бала» бағдарламасы бойынша қызмет көрсетушілерге ақша төлеуге қатысты мәселелерді шешуді тапсырды.

«Біз тамыз айының соңына дейін барлық актіні салыстырып тексеріп, төлем жасаймыз», - деді аудан әкімі Еркебұлан Оразалин.

Пікірлер