Бүгін, 21 тамызда Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қызметінен кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мен Көкшетау қаласының әкімі қызметінен кеттім. Біз қалалық инфрақұрылымды жақсартуға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар бастаманыы іске асыра алдық деп ойлаймын. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 144 КТҮ тапсырылды, 170км астам жол жөнделді, 39 балалар мен 47 спорт алаңдары салынды. Биыл халық қатысатын бюджет жобасын іске асыру аясында 19 алаңның құрылысы жүргізілуде. Осы қиын, бірақ қызықты жолда менімен бірге болғандардың барлығына алғыс айтқым келеді»,- деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Бауыржан Ғайса бұл қызметке 2021 жылы келген болатын.