ҰОК президенті Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін

1408
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/347089524204290-960x500.jpeg?token=9b17cc282bc89719c27edafdda6ec803
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2025 жылы кәсіпқой рингке қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Шетелдік boxingnews.com сайтының мәліметінше, Сауд Арабиялық бай, бокс спортының инвесторы Турки Аль аш-Шейх Геннадий Головкинге рингке оралуға ұсыныс жасаған. Бұл әрекеті үшін оған жақсы ақша да уәде етілген. Головкин 2025 жылдың алғашқы жартысында төрт салмақта әлем чемпионы Теренс Кроуфордпен (41-0-0,31КО) жұдырықтасуы керек. ҰОК президенті Геннадий Головкин БАҚ-қа берген сұхбатында бокспен қош айтыспағанын айтқан болатын.
Комментарии