Елімізде тізгіні оң жақта орналасқан көліктерге талап күшейтілмек

998
Adyrna.kz Telegram

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рөлі оң жақтағы көліктерді тіркемейді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Брифингте Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда рөлі оң жақта орналасқан көліктерге қатысты мәләмдеме жасады.

«Оң рөлді көліктер бар, олар сол жақ рульге ауыстырылған. Олар адам денсаулығына қауіп төндіреді. Оң рөлді көліктерде 13 таңбалы VIN коды болса, сол жақтағы көліктерде 17 таңбалы VIN коды бар. Интернет-провайдерлер тексеру жүргізіп, 1 қаңтардан бастап оларды өшіреді», - деді Қарабаев үкімет отырысында.
Қарабаевтың айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі компания жаңа жылға дейін платформадағы рөлі оң жақтағы көліктерді қызметтен босатады.
«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рөлі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған», –  деді ол.
Пікірлер