Сарыағашта мәйіті дәретханадан табылған 3 жасар қыздың өліміне кім кінәлі?

2155
Adyrna.kz Telegram
Фото: Гүлмира Әбіқайдың парақшасынан
Фото: Гүлмира Әбіқайдың парақшасынан
Сарыағашта жантүршігерлі қылмысқа қатысты деректер пайда болды. Мүрдесі дәретханадан табылған Асылымның өлімі жазатайым оқиға боомағаны анықталып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Кyn.kz порталына сілтеп.
Бірнеше уақыт бұрын 3  жасар Асылым жоғалып кеткен кезде бүкіл Сарыағаш ауданы аяғынан тік тұрып баланы іздеуге кіріскен. Барлық су маңы мен ой-қырды аралап іздеген құзырлы орган қыздың өлі денесін көршісінің дәретханасынан тапқан.
Сараптама қорытындысына сәйкес, "бүлдіршінді ешкім азаптап өлтірген жоқ" деген қорытынды жасалды. Сол сәтте қара жамылған отбасы қыздарының денесін жер қойнына тапсырған.

Араға 1 ай салып осыған ұқсас жағдай тіркелген. Сіргелі ауылында 5 жастағы Нұрай есімді қыз бір өлімнен аман қалды. Оны көршінің 17 жастағы қызы азаптап, әжетхана тесігіне тастамақ болған. Абырой болғанда жасөспірімнің бұл әрекетін ауыл тұрғыны көріп, көмекке жүгіріпті.

5 жастағы Нұрай қыздың арқасынан ұрып, өзін тамағынан буындырғанын айтқан.

2 ай бойы тергелген бойжеткен 3 жасар Асылымды да өзі өлтіргенін мойындап, оқиғаны айтып берген.

Ауыл тұрғындары күдіктіге ауыр жаза тағайындауды сұрайды. Ал қыздың денсаулығында кінәраты бар не жоғы анықталып, іс өрбіп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер