"Эйр Астанада" ұшқыш болған. 62 адам қаза тапқан ұшақ апаты туралы мәліметтер жарияланды

3298
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Бразилияда 62 адамның өмірін жалмаған ұщақ апаты туралы тың деректер белгілі бола бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

9 тамыз күні бортында жолаушылары бар ұшақ апатқа ұшырап, 62 адам қайтыс болған еді. Сол сәтте ұұшақты басқарған ұшқыштың есімі белгілі болды. Ол бұрын «Эйр Астанада» жұмыс істеген.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, бразилиялық Voepass әуе компаниясына тиесілі ATR-72-500 ұшағы Винхедо қаласына жақын жерде апатқа ұшырады. 35 жастағы капитан Данило Сантос Романо ұшқыш болған.

«35 жастағы капитан Данило Сантос Романо жұма күні Бразилияда болған өрттен кейін анықталған алғашқы құрбан болды», - делінген шетелдік БАҚ-та.

«Эйр Астана» өкілдерінен алынған ақпаратқа сәйкес, апатқа ұшыраған әуе кемесінің командирі 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың наурыз айына дейін қазақстандық әуе компаниясында жұмыс істеген. Ол Airbus A320 ұшағында екінші ұшқыш қызметін атқарған. Алайда оның осы кезеңдегі жалпы ұшу уақыты небәрі 25 сағатты құраған.

«Оқиғаға қатысы бар әуе кемесінің командирі 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың наурызына дейін Airbus A320 ұшағында екінші ұшқыш ретінде ұшты. «Эйр Астана» компаниясымен 2020 жылдың маусымында рейс уақыты небәрі 25 сағатты құрады», - делінген хабарламада.

Тергеушілер ұшақтағы қара жәшікті тексеруде. Онда апатқа бір минут қалғанда екінші ұшқышқа биіктіктің күрт төмендегені туралы дабыл түскені көрсетілген. «Қара жәшіктен» алынған мәліметтерді декодтау бойынша ол командирге қозғалтқыштың қуатын арттыру қажеттілігі туралы ескертілгенімен ұшақты қайта қалпына келтіру мүмкін болмаған.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, ұшқыштар байланыс үзілгенге дейін төтенше жағдай немесе қолайсыз ауа-райы туралы хабарламаған. Тергеушілер апаттың себебін анықтауды жалғастыруда.

Пікірлер