Home » Жаңалықтар » Тоқаев Ұлттық қор қаражатының бір бөлігін алтынға ауыстырудың мақсатын айтты

Тоқаев Ұлттық қор қаражатының бір бөлігін алтынға ауыстырудың мақсатын айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатының бөлігін алтынға ауыстыру туралы жарлығын түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“2 тамыздағы Жарлығыма сәйкес Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді. Енді Ұлттық қордың жинақтаушы активтеріндегі алтынның үлесі 5%-ға дейін жетеді. Бұл Ұлттық қордың әлеуетін сақтап, қорғау үшін қажет”, – деп жазды Президент Twitter желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тоқаев Ұлттық қор активтерін әр тараптандыру саясатын жүргізу туралы Жарлыққа қол қойған. “Жинақ қоржынының активтерін стратегиялық бөлу активтерді әртараптандыру саясатын жалғастыруға бағытталған және консервативті бөлуден (облигациялардағы 80 пайыз акциялардағы 20 пайыз) ұзақ мерзімді күтілетін кірістілікті арттыруға бағытталған теңгерімді бөлуге (облигациялардың 60 пайызы, акциялардың 30 пайызы, баламалы құралдардың 5 пайызына дейін және алтынның 5 пайызына дейін) көшуді көздейді”, – делінген құжатта.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Семейде “Birge – taza Qazaqstan”акциясы жалғасуда

Жеті мыңнан астам қала тұрғыны Ертіс жағалауын,Шығыс, Нахаловка және Степной кенттерін қоқыстан тазартты. Нәтижесінде 141 ...