Билікті асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісіне қатысты үкім шықты. Бұл туралы Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдаланды деп айыпталған Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі).
Ақпаратқа сәйкес, бұл іс "құпия" деген белгімен кінәні мойындау нысанында іс жүргізу келісімімен келіп түсті. Сондықтан оның қаралуы жабық сот отырысында өтті.
Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Бұл ретте ҚК-нің 63-бабы негізінде жазаны пробациялық бақылауды белгілей отырып, сол мерзімге шартты түрде деп айқындауды сұрады.
Сотталушының кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінгені айтылады. Сот үкімімен экс-министр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып, 5- І және II дәрежелі «Даңқ» орденінің толық кавалері;
- II дәрежелі «Айбын» ордені;
- I дәрежелі «Қайсар» белгісі;
- «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі;
- мерейтойлық және ведомстволық медальдар;
- Ішкі істер министрлігіне Еңбек сіңірген қызметкері.