Президент Тоқаев Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррелмен кездесті

1703
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_6447.jpeg
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррелмен кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еурокомиссия вице-президенті Жозеп Боррелмен кездесті», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада. Атап өткендей, кездесу барысында әңгімелесушілер Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. «Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің өңірлік өзара іс-қимылы бойынша пікір алмасу болды», - деп қосты Ақорда.
Комментарии