«Сәлден кейін, ок?» Қорғаныс министрлігі «министрдің» белгісіз біреумен хат алмасқан скриншотын жариялады

1979
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_6379.jpeg
Ақпарат мессенджерлері арқылы Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың белгісіз біреумен сөйлескен жалған хабарламалары тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ведомство бұл туралы Telegram-дағы ресми арнада жазды.  Қорғаныс министрлігі азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуді сұрайды. ”Мессенджерлерде ҚР Қорғаныс министрінің атынан жалған мәліметтерді қамтитын ақпарат таратылуда. Бұл ақпаратты интернет-алаяқтар жіберетінін ескертеміз. Азаматтардан жалған ақпарат көздеріне сенбеуді сұраймыз” делінген хабарламада.  
Комментарии