Түркістанда сора өсірген ер адам ұсталды (ВИДЕО)

1508
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7573.jpeg

Түркістан облысында сора өсірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде 51 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады»,—делінген хабарламада.

Жедел уәкілдер тінту жүргізу барысында үй алдына егілген 281 есірткіге ұқсас өсімдікті тауып, тәркіледі. Табылған затқа сараптама тағайындалып, оның сора екенін расталды.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

https://youtu.be/oTFBxGitfXE?si=5oB5pKI9-415S2pv
Комментарии