Көкшетауда Қопа көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

815
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарының аясында Қопа көлінің жағасында Кенесары көшесінен қан орталығының бұрылысына дейінгі жол құрылысының барысымен танысты.

Бүгінгі таңда объектіде жарамсыз топырақты игеру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары, негізгі және таблоидтық бөлікте қоқыс тастан және дресвадан жасалған жер төсемінің негізін салу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада асфальтбетон жабынын орнату бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыс әкімінің бастамасымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Қопа көлінің жағалауын абаттандыруды жүзеге асыру басталды. Жобада серуендеу аймақтары, жүгіру жолы, коньки паркі, фудкорт аймақтары, көгалдандыру, workout-аймақтар, пирс және концерт өткізуге арналған сахна қарастырылған. Жұмыстарды одан әрі жүргізу үшін аумақты тазарту басталды.

Өңір басшысы жағажай аймағының қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

«Көл жағалауы жылдар бойы қала тұрғындары мен қонақтарының басты және сүйікті демалыс орны болып қала береді. Жағалаудың жай-күйі қолайлы уақыт өткізу үшін жайлы болуы тиіс», - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Жобалар «Қазмырыш» ЖШС өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқанын атап өту қажет.

Одан кейін облыс басшысы Темірбеков көшесі, 2-үй КПТҮ абаттандыру мәселесі бойынша тұрғындармен кездесті.

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Дәулет Жүнісовтің айтуынша, бүгінгі таңда Гагарин көшесінде кәріз коллекторын төсеу жобасы жүзеге асырылуда. Түзетуден кейін Темірбеков көшесі, 2-үй бойынша ауланы абаттандыру және Әбілқасымов көшесінің асфальт жабынын қалпына келтіру жоспарлануда.

Облыс әкімі қала басшылығына бұл мәселені бақылауға алып, барлық қажетті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

 

Пікірлер