Газ бағасын өсіріп даулы мәселе айтқан шенеунікті президент қабылдады

1832
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министр Алмасадам Сәтқалиев еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы дамуы жөнінде Президентке есеп берді.

Сәтқалиевтің мәліметінше, жыл басынан бері 44,7 миллион тонна мұнай өндірілген. Мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған екен.

Одан бөлек,  30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 млрд кВт/сағатқа жеткені баяндалды.

Ал кездесуде мемлекет басшысы министрге жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыс жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетейік, 10 күн бұрын министр Сәтқалиев газ бағасы жыл сайын көтеріліп отыратыны туралы мәлімдеме жасап, автоайналымнан алынатыны туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Ал шілде айының басында газ бағасы өңірлерде түрліше қымбаттаған еді.
Сондай-ақ, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бірнеше жыл бойы көтеріліп келеді. Осыған байланысты Президент Тоқаев 2024 жылғы 27 маусымда Қазақстанда атом энергетикасын дамыту тақырыбын қозғады. Нәтижесінде БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде президент АЭС құрылысын дауысқа салып шешетін референдумның биыл күзде өтетінін хабарлаған.
Пікірлер