Астанада 5 баланың анасы жоғарғы қабаттан секіріп, көз жұмды

2198
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/6e186bd7-1294-45d9-828b-5ce807781c48-960x500.jpeg?token=4c3df8c55f79956f303b187d90f1d30c
Астанада 1990 жылы туған 5 баланың анасы балконнан секіріп кеткен. Оның көз жұмғанын денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. «Биыл 23 шілдеде  А. Бектұров, 3 мекен-жайы бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. ЖМК бригадасының келуімен үйдің ауласынан қыздың мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, қыз жоғарғы қабаттардан құлаған. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді», - деп хабарлайды Астана денсаулық сақтау басқармасы. Көп балалы әйелдің құлағанын осыған дейін Астана қаласының полиция департаменті растаған болатын. «Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Комментарии