Qazaq Oil жанармай бекеті заңсыз пайда тауып отырған жоқ па?

1762
Adyrna.kz Telegram

Qazaq Oil жанармай бекеті әр көліктен белгіленген мөлшерлемеден 5-10 литрден артық бензин көрсетіп, заңсыз пайда тауып отыруы мүмкін. Бұл туралы журналист Арман Әубәкір Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Журналистің айтуынша, жанармай бекеті әр көліктен заңсыз пайда тауып отыруы мүмкін.  Сондай-ақ, ол оқиға болған орнынан видео жолдады.

“Күні кеше Хантау ауылынан (Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы) Алматыға келе жатып, Бурыбайтал деген жерде Qazaq Oil жанармай бекетіне тоқтадық. Туыстар болып екі көлікпен келе жатқан едік. Қанат есімді жүргізушіміз “70 литрлік багыма 72 литр бензин құйылды. Ішінде 10-15 литр бензин онсыз да бар еді. Хантауға жеткенше жарты баг бензин болған. Сонда 10-15 литр артық бензин қайда құйылды?” деп шағымданды. Келесі кезекті Қалдыбек есімді екінші жүргізушіміз де тура сондай мәселе көтерді. “Көліктің багы - 80 литр. Бірақ мына жанармай бекеті 88 литр бензин құйып жіберді. Көлігім газбен жүретіндіктен 10-15 литрдей бензинім қолданылмай үнемделіп тұрған. 80 литрлік багқа 90 литрдей бензинді қалай құйып жіберді? Соған ашуым келіп тұр” дейді ол. Оператор “қыз менің бұл мәселеге қатысым жоқ, тек бензин құю тетігін басамын, қалған сұрақтарыңызды басшыларға қойыңыз. Колл центрге хабарласыңыз” деді. Колл центрге хабарласып едік, бәрін тыңдап алып “бензин өлшейтін қазір мастерді жолдаймыз” деді. Бірақ жарты сағат күттік, келмеді. Айдалада тұрған жанармай бекетіне жылдам ешкім келе қоймас. Жолымыздан қалмайық деп әрмен қарай ұзақ күте алмай жүріп кеттік.

Қалт-құлт етіп жүрген қаншама жұрт түрлі-түрлі алаяқтарға тап болуда. Егер әр көліктен 5-10 литрден артық жеп отырса, кезек-кезек келіп тұрған көліктерден заңсыз пайданың астында қалып отырған жоқ па? Құзырлы органдар бір тексеруі керек деп есептейміз”, деп жазды ол. 

Пікірлер