Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының маңында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жол-көлік апаты 21 шілде күні Қызылжар ауданы Бескөл ауылынан 3 км жерде болған.
Облыстық ПД мәлімдемесінше, «Астана – Петропавл» автожолында Infiniti FX45 автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан «Беларус» тракторының тіркемесіне соғылған.
Жол апатынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі мен 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Одан бөлек, 1996 жылғы жолаушы қыз бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.