Қытайда көпір құлады. 11 адам қаза тауып, 30 адам із-түзсіз жоғалды

1797
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_5996.jpeg
Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында автокөлік көпірінің бір бөлігі опырылып, 11 адам қаза тапты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Шанлуоның Жашуй уезінде орналасқан көпір 19 шілде, жұма күні кешкі сағат 20:40 шамасында кенеттен жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан құлады, деп хабарлады жергілікті билік. Сенбі күні таңертеңгі сағат 10:00-де құтқарушылар өзенге құлаған бес көлікті тапты. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қытай орталық телеарнасы 30 адамның із-түзсіз жоғалғанын мәлімдеді.
Комментарии