Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

1830
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/president-960x500.jpg?token=7fc6be34c9e61979a32f57bfa73c5630

Бүгін, 16 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елшілер арасында ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Жәнібек Әбдірашов Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды. Енді бұл қызметті Абзал Сапарбекұлы атқаратын болады.

Сондай-ақ Искандер Айсариев Қазақстанның Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Ал еліміздің Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан кетті.

Комментарии