Родина ауылының кітапханасына Мемлекет басшысының атынан 100 дана кітап жеткізілді

444
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы қазақстандықтарды кітап оқуға тартудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Президент өз сөзінде: «Шын мәнінде, тек оқырман ұлт шынымен интеллектуалды бола алады. Біз өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуымыз керек», деп айтқан еді.

Осыған байланысты елімізде «ауылдық кітапханаларға арналған 100 кітап» акциясы басталды. Бұл акцияның мақсаты - шалғайдағы ауылдық кітапханаларды әдебиеттің жаңа туындыларымен толықтыру, өскелең ұрпақтың оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Жақында Целиноград ауданының Родина ауылының кітапханасы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан 100 дана кітаппен, оның ішінде қазақ көркем әдебиетінің үздік туындылары, танымдық-ағартушылық еңбектері, балалар әдебиеті, танымал заманауи авторлардың шығармаларымен толықты.

Пікірлер