Бала көтере алмай жүрген ханымдарға…(қазақы ырым)

44926
Adyrna.kz Telegram

Ел ішінде мынадай ырым бар. Көпке дейін бала көтере алмай жүрген әйел кішкентай бүлдіршінге ұлдың немесе қыздың көйлегін теріс кигізіп жүргізеді екен. Ұлдың киімін ұлға теріс кигізсе, ұл туады, қыздың киімін қызға теріс кигізсе, қыз туады деп ырымдайды. Діни аңыздарда бұл ғұрыпты Сүлеймен ғ.с. пайғамбардан қалған деседі.

Немесе бала көтере алмай жүрген әйелдi тұрған түйенiң астынан жүгiртiп өткiзетiн ырым да кездеседі. Дегенмен қазақта «қыздың артынан ұл ерсін» деген ниетпен қызға ұл есімін беріп жатады. Ал, орыстың әжелері қызды болғысы келетін жас жұбайлардың төсек астына бантик, тарақ жастанып жатуды, ұлды болғысы келетіндерге ойыншық машина, пышақ қоюға кеңес береді екен.

Немістердің болжамы бойынша, жаңбырлы күні қыз көп туылады. Ежелгі грек дәрігері Эмпедоклдің есептеуінше, әйел ыстықта – қыз, суықта – ұл кө-тереді. Жаңазеландиялық зерттеуші В.Грант «Ұл бала еркі мықты, ержүрек әйелден туылады», депті. Белсенді әйелдің организмінде еркектік гормон-тестостеронның көп болуы «өзіне тән» сперматозоидтарды қабылдап отыратынын алға тартады. Егер бойға бала біткен уақытта жұбайлардың некесі әлі қиылып үлгермеген болса, онда дүниеге ұл келеді. Өйткені, беті аулақ, аяқ асты жігіт үйленгісі келмей қалған жағдайда нәзік жыныстыға тірек болатын еркек сол болады дейді. Жұбайлар сәби жоспарламай тұрып-ақ төсек қатынасына жиі барған болса – қыз, 3-4 күнде бір жыныс қатынасына түсетіндерде ұлдың өмірге келуі ғажап емес дейтіндер де бар.

Сосын, қайсысының махаббат сезімі күштірек – балаға соның жынысы беріледі деп сендіретіндер де жетерлік.

Жыныстық қатынаста еркектен бұрын әйел солығын қандырып, бойынан бірінші жіберу керек. Сосын барып қана еркекке белін босатуға рұқсат. Ал, егер керісінше болса, әйелдікі еркектікін «басып тастайтын» көрінеді. Бұл ұлды болғысы келетін жұптарға арналған кеңес.

Апа-әжелеріміздің айтатын мына бір болжамына да құлақ аспаса болмайды: әйелдің бетінде, бойында еш өзгеріс байқалмаса, іштегі шарананың ұл болғаны. Ал егер болашақ ананың ажарына қандай да бір қаяу (секпіл, дақ, т.б.) түссе, қыз бала жарық дүние есігін ашпақ дейді. «Ұл – ананың ақылын, қыз - ананың ажарын алады» деп дәлелдеп те береді.

Мына бір үрдіс көп елдерде әлі күнге бала жынысын анықтауға себін тигізіп келе жатыр екен. Берлин қаласының бір мұражайында сақталған ежелгі мысырлықтардың папирусында былай деп жазылыпты: «Жүкті әйелдің зәрімен арпа мен бидайды өсіру арқылы бала жынысын анықтауға болады. Егер бірінші болып арпа бүр жарған болса, өмірге ұл келеді. Бидай өсіп шықса, дүниеге қыз бала келеді». Бұл әдісті зерттеген ғалымдар 80 пайызға анық келетіндігіне көз жеткізді.

Астрологтар болса, жұлдызнамаға сенуге ша-қырады. Егер сіздің жүктілігіңіз әйелге тән Бикеш белгісінде басталса, қыз баланың өмірге келуін күте беріңіз. Суқұйғыш, Сарышаян белгісінде басталған жүктілік ұл баланың дүниеге келуімен аяқталады. Сандарға қатысты

Егер әйелдің жасы жұп санға келіп тұрса, онда жұп санды айда қыз көтергісі келетіндер ұтымды пайдалансын (жұп санды ай ақпаннан басталады). Ал жасы тақ санға дөп келсе, тақ санды айды таңдауы керек. Ұл сүйгісі келетіндер керісінше, жасы тақ санға келіп тұрса, жұп санды айды, жасы жұп болса, тақ санды айды өткізіп алмағаны дұрыс екен.

Ғалымдардың пікірінше, адамның жыныстық қа-тынастағы қарқындылығы да бала жынысына әсер етеді екен. Төсек мәселесінде белсенді болсаңыз, ер-азамат, әйтеуір бір кезде тағдыр сізге ұл сыйлайтынына күмәнданбаңыз. Еркек гиперсексуальді болған кезінде, яки жас отбасыларда көбіне ұл туылатынын статистиканың өзі көрсетіп отыр. Ал отызға қарай, керісінше, қыз баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да болар, жас үйленгендердің көпшілігінің тұңғыштары ұл да, екіншісі қыз болады екен. Сонымен, егер төсек қатынасында әйел белсенді болса – қыз, еркек белсенді болса – ұлдың дүниеге келуі мүмкін, дейді орыс ғалымдары.

Бедеуліктің себебін анықтау

Бедеуліктің себебін екі жақты (әйелі мен ерін) бірдей тексеру арқылы анықтайды.
Әйелге гинеколог, ал еркек урологқа қаралуы қажет. Еркек бедеулігі перзент сүйе алмай жүрген некелік одақтың 40-50 пайызында кездеседі.

Еркекке қажетті тексерулер:
1. Спермограмма — сперманың ферменттілігін анықтау (әсіресе ұрықтануға);
2. Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияларға тексерілу;
3. Шуварский әдісі — жыныстық қатынастан 2,5-3 сағаттан кейін шырыштан сперматозоидтардың қозғалғыштығын, екі жастың иммунологиялық сәйкестілігін анықтайды.

Әйелге қажетті тексерулер:
1. Анамнезін мұқият қарау.
2. Өмір тарихы.
3. Өткен жүктіліктері және олардың нәтижелері.
4. Бедеуліктің ұзақтығы.
5. Контрацепция әдістері.
6. Жалпы аурулары.
7. Дәрілік заттарды қабылдауы.
8. Әйел жыныс ағзаларының қабыну аурулары, жатыр мойынының және сүт бездерінің аурулары.
9. Операциялары.
10. Зиянды әдеттері.
11. Тұқымқуалаушылығы.
12. Етеккірінің тұрақтылығы.
13. Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияларға тексерілу.
14. Ректальді температура — овуляцияны анықтау үшін шамамен 3 ай өлшенеді.
15. Гормон деңгейлерін анықтайды: тестостерон, ДЭА, пролактин, қалша бездерінің гормондары, олар эндокринді бедеуліктің себебін анықтайды.
16. УДЗ – гинекологиялық ауруларын және даму ақауларын анықтау үшін қолданылады.
17. Бастың рентгенографиясы, гипофиз ісіктерін шығарып тастау үшін.
18. Көз түбін және көру алаңын тексеру, ол да гипофиз ісіктерін анықтау үшін.
19. ГСГ (гистеросальпингография) жатырға контрасты затты жібергеннен кейін кіші жамбасты рентген суретке түсіру, ол жатырдың шырышты рельефін және көлемін, жатыр қосалқыларының функциональді өткізгіштігін анықтайды. Етеккір басталудан 6-7 күн бұрын жасалынады.
20. Лапароскопия — операция, ол кезде науқастың құрсақ қуысына оптикасы бар аспап кіргізеді, оның арқасында ішкі жыныс ағзаларының жағдайын толығырақ көруге мүмкіндік алып, анықталған бедеуліктің себебін хирургиялық коррекциялауға болады.
Бедеулік және оның себептері
Адам баласының артынан ұрпақ қалдыруы — табиғи құбылыс. Алайда ана болу бақыты кез келген әйелге бұйырмайды немесе көп жылдардан соң ғана мүмкін болады. Бала тууға қәбілетті жастағы әйелдердің сәби сүйе алмауын “бедеулік” деп атайды. Бедеуліктің себептері мен диагностикасы және одан құтылудың жолдары туралы қысқаша осы мақаламызда әңгімелейтін боламыз.

Бедеулік деген не?

Бедеуліктің анықтамасын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы былай деп берген: “Тұрақты түрде жыныстық қатынаста болған әйелдің бір жыл ішінде жүкті бола алмауы”.

Әдетте тұрақты түрде жүкті болып қалудан сақтанусыз жыныстық қатынаста болатын жұбайлардыр балалы болу ықтималдылықтары 25-30 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз денсаулығында ақауы жоқ, басқа да себептері жоқ жұбайлардың бір жылдың ішінде жүкті болулары қалыпты жағдай дегенді білдіреді.

Бедеулік неден пайда болады?

Бедеулік жағдайларының 30-40 пайызында әйелдің жатыр түтікшесі болмайды немесе дұрыс жұмыс жасамайды (ұрықты өткізбейді); 30 пайызында фолликулдердің жетілмеуі мен овуляция процесінің дұрыс жүрмеуі; 30 пайызында еркектен бөлінетін сперматозоидтардың аз болуы немесе сапасыз болуна байланысты болса, бедеулік жағдайларының қалған 10 пайызы басқа да түрлі себептерге байланысты болады екен.

Бедеулік мәңгі емес

Бедеулікке ұшыраған әйелдің өмірбойы бала сүю мүмкіндігі болмайды деген жаңсақ пікір болмау керек. Бедеулікті емдеуге болады. Оның барлығы білікті мамандар мен бедеуліктің деңгейіне байланысты. Бедеуліктен құтылу ниетімен емделетін бедеу әйелдердің төрттен үші бала сүю бақытына ие болып жатады. Бедеуліктен арылу ұзақтығы әр әйелде әрқалай болады. Оның бекітілген мерзімі мен берілетін 100 пайыздық кепілдігі жоқ.

Бедеуліктен құтылудың ең алғашқы шарттары: үміт және сабыр. Бұл екеуінен кейінгілеріне білікті маманның кеңесі, дұрыс таңдалған ем-дом жатады.

Бедеулікті анықтау (диагностика)

Бедеуліктен құтылудың ықтималдылығын арттыратын жағдайлардың бірі — ауруды ерте анықтау. Ерте анықталған бедеулікті емдеу де ерте басталады. Бедеулікті анықтау мен емдеу процесіне әйелдің жолдасының да қатысуы маңызды. Өйткені бедеулік тек жүкті бола алмай жүрген әйелдің мәселесі емес, отбасының, әулеттің мәселесі.

Қазіргі таңда медицинада бедеулікті анықтау барысында мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады:
жатыр түтігінің ұрықты өткізу қабылетін тексеру;
әйел мен еркек қандарындағы гормондарды тексеру;
Спермограмма – шәуетті (сперманы) жан-жақты зерттеп тексеру;
ультра-дыбыстық зерттеу арқылы жатыр мен аналық жыныс безінің жағдайын (күйін) тексеру;

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер