Бекболат ҚАРЖАН: Олар Жəкішевтей ұлы бар ұлттың өсіп кетуінен қорықты

1878

Бұлар Жəкішевті не үшін қамады? Бұлардың Жəкішевтей дарыны, ой өрісі, интеллектуалдық деңгейі, өркениетті санасы, əлемді мойындата алған ғылыми, өнертабыстағы адуынды қабілеті болғанынан өле өлгенше қорықты. Елді соңынан жетектеп кететінін өлгенше қызғанды. Бұлардың табиғатында Жəкішевтегідей тазалық пен тектілік, мінез бен қабілет, өркениетті сана болмағаннан соң, оның ұлтына адал болмысынан сескенді. Бұларда керісінше, мысық тілеу мен шошқа пейіл ғана болды. Сондықтан олар тазалық дегенге жаратылысынан қарсы туған пендешіктер. Олардың болмысында тек қана асқазаныма тыға берсем деген шошқаныңкідей сасық рух мекендеп жатты. Сол үшін өздерінің арам жолын кесетін əділетті азаматты қан құстырды. Жəкішевтей ұлы бар ұлттың өсіп кететініне олар мүдделі болмады. Қазақты өспесін, байлығына ие болып қалмасын деді. Расында қазақ байлығына ие бола алмады. Бəрін жымқырды. Жəкішевті саяси сауаты ашылмаған бұқараға 99 миллионды жымқырды деп сендірді. Көзі жетпеген қазақ жемқордың көзін құртты, бұған да шүкір деп құдайдай сенді. Жəкішевті сондықтан қазақ босата алмады. Асылдай ұлына қорған бола алмаған қазақ кінəлі. Қазақтың өзі кінəлі. Бұлар тіпті Жəкішевтің түрмеде отырып айтқанынан да шошып, үрейленіп отыр. Рухы сынбайтыны, əділетті талап етуден қайтпайтыны бұларды қатты ойландырып отыр. Бəрібір шындық мойындарын кесіп түсетінін біліп отыр.
Түрмеде қор болған қайран өмір...
Қазақтың нағыз технократ, ғылым мен жоғары интеллектінің иесі, өркениетке төтесінен жол салатын ұлын қорғай алмай отырғаны өкінішті...

 

Бекболат ҚАРЖАН

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket