"Байқоңыр" ғарыш айлағына заңсыз кірген шетелдіктер ұсталды

1911
Adyrna.kz Telegram
Сурет: qazir.kz
Сурет: qazir.kz

Үш еуропалық азамат "Байқоңыр" ғарыш айлағына заңсыз кіргені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Shot телеграм арнасында мәлім болған. Шетелдіктер 9 шілде күні Байқоңырдың монтаждау және жанармай құю кешеніне дейін жеткен. Оларды патрульдік полиция қызметкерлері байқап қалған.

Ұсталғандардың екеуі 25 және 29 жастағы Нидерланд азаматтары болса, біреуі 26 жастағы Бельгия азаматы.

Полицейлер еуропалықтардың ғарыш айлағына қалай, қайда және қандай мақсатпен кіргенін анықтап жатыр.

“Шетелдіктер әзірге нысанға рұқсатсыз кіргені үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды”, – делінген телеграм арнаның таратқан ақпаратында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер