Ақмолалық оқушылардың арасында скауттық қозғалыс дамуда

842
Adyrna.kz Telegram

Сандықтау ауданының Балкашино ауылында «Қанағат» қонақүй-туристік кешенінде «Жалынды болашақ» скауттық қозғалыс шатырлық лагері өткізілді.

Ұйымдастырушылар туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы.

Іс-шараға Ақмола облысының бес ауданынан 50-ге жуық оқушы,нақтырақ айтсақ, көп балалы отбасы, аз қамтылған отбасының балалары қатысты.

Жарыс барысында командалар өздерініңің дағдыларын көрсетті:
- Туристтік кедергілер жолағы
- Туристік• туйіндер
- Үздік бивуак
- Туристік әндер
- Логикалық кедергілер
- Рюкзакты уақытка (салу дұрыстығы) жинау

«Жарыс бірнеше күнге созылып өте қызықты өтті, оқушылар жарысып қана қоймай демалып жаңа дос тауып бос уақыттарында викторина, волейбол ойындарына қатысты, кешкі уақытта қызықты фильмдер көріп би алаңында кездесті»,- деп айтты ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар қатысушылар жылдағы дәстүр бойынша, бірнеше шақырым жерде орналасқан бұлақ басына барып тазалық жұмыстарын жүргізіп келді.

Апталық спартакиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:
1 орын - Есіл ауданы;
2 орын - Зеренді ауданы;
3 орын - Жақсы ауданы.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, кубок, диплом, грамоталармен марапатталды.

Пікірлер