Home » Жаңалықтар » Тамақ жеуден бас тартуда: “Тальго” жолсеріктері зорлаған бойжеткен ауруханаға түсіп қалды

Тамақ жеуден бас тартуда: “Тальго” жолсеріктері зорлаған бойжеткен ауруханаға түсіп қалды

Пойыздағы зорлық оқиғасына қатысты сот үкімінің қаншалықты заңды екені тексеріледі. “Тальго” жолсеріктері зорлаған бойжеткен сот үкімі шыққаннан кейін ауруханаға түсіп қалды. 

Дина Смаилованың айтуынша, бойжеткен тамақ жеуден бас тартқан.

“Үкім шыққан соң бойжеткен аураханада екі күн жатты. Содан кейін қашып кетті. Жата алмады. Туыстарының келгенін күтіп отырмын. Содан кейін мен де кетемін”, – дейді Смаилова.

Қоғам белсендісінің айтуынша, жәбірленуші бірнеше күннен бері тамақтанбаған. Жағдайы ауыр күйде.

Смаилова 5 күн ішінде үкім шығуы керек екенін, одан соң сот шешіміне шағым түсіретіндерін айтты.

“Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Нұрлы жол – Ақтөбе хабарламасы бар № 98 пойыз вагонында жолаушының зорланғаны туралы қылмыстық іс бойынша сотта прокурор айыпты толықтай қолдап, кінәлілерді 6 жыл 6 айға соттауды сұрағанын хабарлады. Сот басқа шешім қабылдады, қазіргі уақытта сот үкімінің заңдылығы тексерілуде”, – деді бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов Facebook парақшасында.

 

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Семейде “Birge – taza Qazaqstan”акциясы жалғасуда

Жеті мыңнан астам қала тұрғыны Ертіс жағалауын,Шығыс, Нахаловка және Степной кенттерін қоқыстан тазартты. Нәтижесінде 141 ...