Алматыда қыздар арасындағы жантүршігерлік төбелес таспаға түсіп қалды

1865
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/2024-07-10_19-38-52.png
Алматыда қыздар арасындағы жантүршігерлік төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Оқиға «Азия Парк» сауда орталығының маңында болғаны хабарланды. Кадрда ер адамның жас қыздарды ажыратпақ болғанын көруге болады. Ұрыс-керіс салдарынан олардың бірі аяқ киімін жоғалтып алған. Жанжал қалай аяқталғаны айтылмайды. Қазір полицейлер төбелеске қатысушылардың жеке басын анықтау үстінде. «Оқиғаның мән-жайы мен қатысушыларына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Комментарии