Танымал күйші ерекше үлгідегі Ұлттық орталық туралы айтты

1173
Adyrna.kz Telegram
Танымал күйші Президентке үндеу жасап, орталықтың ашылуына қолдау көрсетуін сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Домбырада шебер ойнап, қазақты әлемге танытып жүрген күйші Асылбек Еңсепов әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады. Ол барша халықты Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

"Домбыра – қаттылық пен жұмсақтық үйлесімі. Домбыраның екі ішегі - ежелгі заман мен осы заманның сырын шертеді! Домбыраның үні - қайшыласқан әлемнің - жауыздық пен мейірім, соғыс пен бейбітшілік, сүреңсіздік пен сұлулық арасын жалғайтын үйлесім» деп Рим Папасының өзі сыр шерткеніндей… «Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін» - деп өзіңіз айқындап айтқаныңыздай – Домбыра мен Қазақ егіз ұғым", - деп жазды ол.

Желіге ерекше суреттер мен ғимараттың макетін жариялаған Асылбек Еңсепов Президенттен "Ұлттық Домбыра Орталығының ашылуына қолдау білдіруін өтінді.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемел ұлы!
Сіздің ұлттық өнерге деген зор қамқорлығыңыз бен ерекше көзқарасыңызды ескере отырып, Еліміздің төрінде, Ел ордасы Астана қаласынан біз ұсынған жоба бойынша «Ұлттық Домбыра Орталығының» ғимараты салынып, оның салтанатты түрде ашылуына бір өзіңіздің бастау болып, қолдау білдіруіңізді сұраймын. Асылбек Еңсепов", - делінген өнер иесінің жазбасында.

Пікірлер