Орал қаласында Ұлттық домбыра күніне орай Домбыра музейі ашылды

1126
Adyrna.kz Telegram
Фото авторы: Мәди Салық
Фото авторы: Мәди Салық

Ақ Жайық өлкесінің өнер тарихын насихаттайтын «Домбыра -ұлттық рух!» атты  музейінің жаңа дәуірі басталмақ.

«Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор Ахмет Жұбанов атамыз айтқандай, «Қазақтың  домбырасының әрбір пернесінде біздің өткен тарихымыз, әрбір пернесінде біздің қуанышымыз бен мұңымыз жатыр». Осыған орай, бүгін Оралда қазақтың тарихын, дәстүрлері мен мызғымас құндылықтарды насихаттап, өткен тарихпен бүгінгі күнді байланыстыратын құнды ғылыми орта қалыптастыру мақсатында БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі "Домбыра - ұлттық рух" музейі ашылды.

Бабалардан қалған мұра көздері мен тарихи жәдігерлері жинақталып төрт экспозициялық залдан тұратын музей  1-Домбыра тарихы залы, 2-Құрманғазы Сағырбайұлы залы, 3-Құрманғазы оркестрі залы, 4-Батыс өңірінің домбырашылары залы, музейге келушілерге тың серпін бермек.

Музейді салтанатты түрде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлыжәне өңірімізге танымал тарихшы, өлкетанушы, мәдениет саласының ардагері Ақбаев Жайсаң Досболатұлы ашты.

Музей қорына  қобызшы  Ықылас Дүкенұлының қобызының көшірмесін ресми түрде Д. Нұрпейісова атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің солист-қобызшысы, Өнертану кандидаты, Казахстан Республикасының "Мәдениет саласының үздігі ", Ықылас атамыздың ұрпағы Ақнар Тәттібайқызы табыстады.

Пікірлер