Тасқыннан кейін Құлсарыда қанша үй салынып жатыр?

2116
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/whatsapp-image-2024-07-07-at-11.34.25.jpeg
Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үйлер салынып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Жылыой ауданында 80 үйдің іргетасы құйылған. Қазір 29-ында қабырғалар тұрғызылып жатыр. Тасқыннан зардап шеккен құрылысты жандандыру үшін үй тұрғызу мен жөндеу жұмыстарына жергілікті 7 мердігер тартылып, 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде. Жергілікті биліктің мәліметінше, құрылысты 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Атырау облысында 2 674 нысанға техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 100 үй салу жоспарланған. 1 376 үй сатып алу көзделсе, бүгінде 1 341 баспана сатып алынды. Ал 1 198 үйді жөндеу көзделсе, қазір 1 174-інде жұмыстар аяқталды.
Комментарии