"Тістің ізі бар". Түркістандық бойжеткеннің мәйіті жігітінің көлігінен табылған

1919
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында бойжеткеннің өлі денесі жігітінің көлігінен табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сайрам ауданы Ақсукент ауылында 19 жастағы бойжеткен жұмбақ жағдайда көз жұмды. Қайғылы оқиға 30 маусым күні болған.

Аудан дүкендерінің бірінде сатушы болып жұмыс істейтін қыз кешкісін үйіне оралмаған. Куәгерлер қыздың жұмысынан шыққан соң жігіті күтіп алғанын айтады.

Дильмура Ергинова үйіне сол күйі жете алмаған.

Қызына алаңдаған ата-ана бойжеткеннің мұндай әдеті болмағанын айтады. Жігіттің отбасына хабарласқан қыздың туыстары "ұлының үйде ұйықтап жатқанын айтып, даурықпағанын" айтады.

Қайғылы оқиға болған күні жігіттің ата-анасы тойда болған екен.

"Бізге тек түн ішінде хабарлады. Қызымыз сол үйдегі гараж ішіндегі көліктен өлі күйінде отыр екен”,– дейді марқұмның туған әпкесі.

Әкесі сол күні қызына қоңырау шалып, бірде-бір жауап алмағанын айтады.

“Қызымда ұялы телефонын алмай қою, хабарламаға жауап бермеу деген әдет ешқашан болмаған. Содан секем алдық. 6 сағат бойы смартфонына хабарластық. Екі нөміріне де қоңырау барып тұрды. Бірақ тұтқаны алмайды. Соңында көрші ауылдағы үйден табылғанын хабарлады. Барсақ, есік алдында полиция да, жедел жәрдем де тұр екен. Ал қызым қайтыс болыпты. Ол менің кенжетайым еді. Бір рет те қарсы сөйлеп, ұрысқан емеспін”,– дейді марқұмның әкесі Данияр Құрбаналиев.

Қыздың мәйітін жууға кіргендер бойжеткеннің денесінде зорлықтың іздері болғанын айтады.

“Мен мәйітті жууға кірдім. Куәгермін. Аузына қан толып қалған екен. Маңдайы да, беті де ісіп кеткен. Жамбасында тістің ізі тұр. Қолы да, мұрны да сынған. Сіңліміз арын сақтау үшін жанталасқан сияқты”, – дейді марқұмның әпкесі Малахат Құрбаналиева.

Алайда сараптама нәтижесінде қыз иіс тиіп жан тапсырған делінген. Студент қыздың өлімі жұмбақ күйінде қалған. Күдікті ретінде қыздың көрші ауылда тұратын жігіті ұсталған.

Ғашықтар бір-бірімен бір жыл бойы сөз байласып жүрген. Тіпті жігіт қызға үйленуді де жоспарлаған көрінеді.

Пікірлер