Цифрлы әлемдегі табыс тарихы «RoboTechnoGirls» жобасынан басталады

401
Adyrna.kz Telegram

Астанада IT-саласында гендерлік стереотиптерді азайтуға және нәзік жандыларды цифрлы салаға тартуға бағытталған танымал «RoboTechnoGirls» жобасы жұмысын бастады.

Елордалық «Роботек» компаниясында қазірдің өзінде жазғы мектеп ашылды, онда жүзден астам қыз бағдарламалау және дизайн бойынша алғашқы білімдерін тегін алып, ақпараттық технологиялар, робототехника, инженерия және жасанды интеллектпен танысады.

– «RoboTechnoGirls гендерлік стереотиптерді бұзуға көмектеседі және қыздарды STEM біліміне және жалпы IT саласына қызығушылық танытуға шабыттандырады. Жобаның миссиясы біздің компанияның балалардың болашаққа алғашқы қадам жасауын қамтамасыз ету миссиясымен толық сәйкес келеді», – дейді «Роботектің» бас директоры Санжар Шалқарбеков.

«RoboTechnoGirls» бірегей жобасын құру туралы меморандумға «TechnoWomen Asia» және «Роботек» коммерциялық емес ұйымы қол қойды.

– Бүгіннің өзінде елде өнеркәсіптің тек еркектерге арналған басымдығы туралы стереотиптік идеялар жойылуда, қазір салыстырмалы түрде нәзік жандылар күрделі технологиялық процестерді игерген, креативті инженерлік шешімдерді енгізіп, әлемді жаңа нәрселермен таң қалдыруда, – деп жобаға қатысушыларды және олардың ата-аналарын «Агромаш Холдинг» президенті Динара Шүкіжанова шабыттандырды.

Қазақстандық командалардың құрамында қыздар робототехникадан ең беделді әлемдік турнирлерде ел намысын қорғап жүр.

– Мамыр айында Астанада өткен «Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионатында қыздардан құралған бірнеше команда жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Robotek Grand турнирінде алғаш рет ұсынылған біздің компанияның бойтұмарын оралдық Дильназ Нұрғалиева ойлап тапқан, – деп атап өтті Санжар Шалқарбеков.

«RoboTechnoGirls» бағдарламасында қазақстандық IT-индустриясының ең танымал көшбасшыларымен көптеген тақырыптық кездесулер жоспарланған, онда ертеңгі сұранысқа ие мамандықтар таныстырылады. Бүгінгі таңда жобаға қатысушылар веб-аналитика, деректер туралы ғылым, киберқауіпсіздік жүйелерін және басқа да жаһандық құзыреттерді меңгеруге ниетті.

«RoboTechnoGirls»  серіктестері жазғы мектепті бітірген алғашқы жүз қыздың өзіне сенімділігі артатыны сөзсіз, олар цифрлы әлемге алғашқы қадамын жасап қана қоймай, оның жаһандық трендтерімен сусындап, болашаққа жоспар құратынына сенімді. Олардың қатарында елордалық «Астана Дарыны» орталығы, елдегі ең ірі банк саналатын ForteBank және қазақстандық Allur автомобиль компаниясы бар.

 Енді бірегей жобаны барлық аймақтарда одан әрі кеңейту жоспарда бар. «RoboTechnoGirls» қазақстандық интеллектуалды технологияларды өз елдерінде сәтті енгізіп жатқан «Роботектің» шетелдік серіктестерінің үлкен қызығушылығын тудырды, олардың барлығы спорттық робототехникада да, нақты цифрлы шындықта да гендерлік алшақтықты қысқартуға ұмтылады.

«Robotek» – елімізге және әлемге танымал, STEM білім беру саласындағы ең табысты отандық компаниялардың бірі. 2023 жылдың қарашасында «Robotek» Панамада өткен Дүниежүзілік роботтар олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілді, онда қатарынан екі команда жеңіске жетті. Сонымен қатар WRO алаңында АҚШ-тың «Chasewood Learning» STEM саласындағы білім беру қызметтерінің танымал орталығымен, Хэбэйдегі №19 Синтай орта мектебімен, Қытайдағы №19 орта мектеппен және Әзірбайжанның «AREA» робототехника инженерлік академиясымен стратегиялық серіктестік орнатты.

 Мамыр айында Астанада түркітілдес елдердің үздік робототехника мамандары қазақ шаңырағы астында бас қосты. «TurkTime!» жаһандық бастамасы аясында «Ақылман» президенттік лицейі (Шолпан ата), «Сапат» халықаралық желісі(Бішкек), «Seytek STEM» білім беру кешені (Тоқмақ), Өзбекстанның Ташкент пен Шыршығынан «SteamLand» және «Roboschool» білім беру орталығы, сондай-ақ тәжікстандық «Роботтар лигасының» үздік ұжымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Мира Алипинова

Суреттерді түсірген Игорь Бургандинов

Пікірлер