Мемлекетке 312 млрд теңге заңсыз актив қайтарылды

449
Adyrna.kz Telegram
Сурет: zakon.kz
Сурет: zakon.kz

Бүгін, 1 шілде күні Бас прокуратурада 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жиында активтерді қайтару бойынша мемлекетке 312 млрд теңге, оның ішінде шетелден – 63 млрд теңге қайтарылғаны айтылды. 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленген.

«Жалпы әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 2,5 млн адамның құқықтары қалпына келтірілді. Бюджетке 41 млрд теңге көлемінде келтірілген залал өтелді. 167 қылмыстық іс қозғалды, 75 адам сотталды»,—делінген хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, биыл заңсыз ұсталған 708 адам босатылған.

«Тергеу барысында заңдылықты қамтамасыз ету шеңберінде прокурорлар 800-ден астам азаматты қылмыстық ортаға негізсіз тартудың жолын кесті. Конституциялық құқықтардың бұзылуы үш еседен астам төмендеді. Прокурорлардың наразылықтары мен өтініштері бойынша 34 сотталушының жағдайы жақсарды, 2 адам ақталды. 708 заңсыз ұсталған адам босатылды.

Сондай-ақ биыл арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істер бойынша  тергеп-тексеруді аяқтады және оларды сотқа жіберді. Конституциялық Сотта 10 іс жүргізу бойынша құқықтық қорытындылар берілді. Конституциялық Сот Бас Прокурордың 2 жолданымы бойынша оң шешімдер шығарды»,—деп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Пікірлер