Ақмолалық оқушылар«Сырлы Сандықтау» далалық экспедициясына қатысты

630
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы білім басқармасы.
Фото: Ақмола облысы білім басқармасы.

Ақмола облысы білім басқармасының мәліметінше, туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы 2024 жылғы 26-28 маусым аралығында Сандықтау ауданы Балкашин ауылының «Қанағат» қонақ үй туристік кешенінің базасында «Сырлы Сандықтау» далалық экспедициясын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушыларды дала жағдайына бейімделуге үйрету, экология мен өлкетануды зерттеуге баулу, туристік дағдыларды дамыту, туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Далалық экспедициясына Атбасар, Зеренді, Сандықтау, Бурабай, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласынан 40 оқушы қатысты.

Экспедиция барысында Көкшетау қаласының С.Жүнісов атындағы №18 мектеп - лицейінің география пәні мұғалімі Мұрат Каримжанов «Vernier» құралдарының көмегімен судың және топырақтың сапасын қалай білуге болатынын көрсетті. Экспедиция қатысушылары «Қанағат» қонақ үй туристік кешенінің аумағының топырақ сапасына зерттеу жүргізді. Зерттеу топырақтың ылғалдылығы, қышқылдығы, электрөткізгіштігі т.б. қасиеттерін қамтыды.

Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының жалпы білім беретін мектебінің биология және география пәндерінің мұғалімі Орынбекова Лязат өсімдік гормондары және ауксинді қолданып өсімдіктердің өсуіне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Балалар өздері өсімдіктің тұқымын ауксинмен және ауксинсіз пакеттерге салып қойды. Бірнеше күннен кейін зерттеу нәтижесін көретті.

Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінің әдіскері, арнайы пәндер оқытушысы Нарбаева Райхан оқушылармен егіндік алқаптарындағы топырақ бұрғысының көмегімен топырақтың тығыздығы мен ылғалдылығын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді, егіндіктің арамшөптермен залалдануын анықтап, барлық жағдайға талдау жұмысы жасалды.

«Оқушылар Сандықтау ауданының флорасын, фаунасын қызығушылықпен зерттеп, экспедиция нәтижесін рәсімдеді. Сонымен қатар олар бақылау күнделігін жүргізді, гербарийлері жасады, жорықтардың сипаттамалары мен карталарын жасады»,- деп айтты колледж оқытушысы.

Сонымен қатар, далалық экспедициясының қатысушылары үшін «Экологиялық квест» өткізілді. Әр команда 5 станциядан өтіп, әр деңгейдегі тапсырмаларды маршруттық парақтар арқылы орындады.
Қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификат, ал жетекшілеріне Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаты табыс етілді.

Пікірлер