43 градусқа дейінгі аптап ыстық болады - Қазгидромет

1890
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_4448-960x500.jpeg?token=7839814c5a9b12d8e0f5e9b790d11571

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде күн 43 градусқа дейін ысиды. Бұл туралы отандық синоптиктер кеше, 27 маусымда  айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 27 және 28 маусым күні елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер етіп, батыс және солтүстік-батыс өңірлерінде найзағай болып, жаңбыр жауады. Одан бөлек бұршақ түсіп, жел соғуы ықтимал. Жаңбыр қарқыны 27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусым күні солтүстік-батыста, 28-29 маусым күні еліміздің батысында, солтүстігінде артады. Қазақстанның шығысы мен солтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. 27 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусым оңтүстікте, 29 маусым солтүстікте, орталықта аптаптың беті қайтады. Ал елдің шығысында, оңтүстік-шығысында 40, 43 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Комментарии