Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға 2 миллиард долларға дейін қаржы бөледі

405
Adyrna.kz Telegram

Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға 2 млрд долларға дейін қаржы бөледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеп.

“OPEC халықаралық даму қоры ұйымдастырған форумда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Араб координациялық тобына кіретін ислам даму институттарымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам даму банкі арасындағы негіздемелік бағдарламалық келісімге қол қойды. Келісім биыл су шаруашылығы және көлік салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестициялар тарту туралы бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді бекітті. Осы мақсатта Ислам даму банкі $2 млрд дейін қаржы бөледі” делінген хабарламада.

Атап өткендей, Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы қаржыландыруға дайын 16 жобаны дайындаған. Оларға су қоймаларын, бөгеттерді, ирригациялық каналдарды, контррегуляторларды және олармен байланысты инфрақұрылымдарды салу және қайта жаңарту кіреді. Көлік министрлігі жалпы ұзындығы 500 шақырымнан асатын республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңғырту және салу бойынша төрт жобаны ұсынды.

“Келісім табысты іске асыру және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлескен жобалардың орындалу барысына тұрақты консультациялар мен мониторинг жүргізуді көздейді” делінген ресми сайтта.

Пікірлер