БҚО-да «Есірткісіз болашақ» атты жастар акциясы өткізілді

383
Adyrna.kz Telegram

26 маусым -Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған  «Есірткісіз болашақ» атты жастар акциясы өткізілді.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізінде «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 26 маусым -Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған  «Есірткісіз болашақ» атты жастар акциясы өткізілді.

Шарада Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы сөз сөйлеп, қала тұрғындарымен қонақтарын өңіріміздегі есірткіге қарсы күрес жұмыстарына біруге шақыра отырып, «Есірткіге қарсы күрес» аялығы аясында профилактикалық жұмыстарға үлес қосқан ерікті жастарды алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен қатар шара барысында Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі - Мусин Рауан Гимранұлыда полиция департаментіне қол ұшын созған мекеме ұжымдарымен бір топ белсенді азаматтарды Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің алғыс хаттарымен және Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің алғыс хаттарымен марапаттап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жастар акциясы концерттік бағдарламамен, көңілді ойындармен жалғасын тауып, акция барысында көрермендерге және қала тұрғындарына тақырыптық буклеттер таратылды. «Жедел қимылдайтын арнайы жасақ» қызметкерлерінің және «Кинологиялық орталық» қызметкерлерінің қызметтік иттермен қойылымдары ұсынылды.

Пікірлер