Білегімізге жармасқан таксистерден қашан құтыламыз?!

2480
Adyrna.kz Telegram

Облыс әкімі назарына!

Шет елдік туристерді күтіп алуға кейде Жібек Жолы (бұрынғы Черняевка) бақылау өткізу пунктіне барып тұрамын. Күтіп алған қонақтардан ұялып өлесің мұндағы жағдайдан. ӨЗІМІЗДІ МАСҚАРАЛАУДЫ ҚАШАН ДОҒАРАМЫЗ???!!!
Қақпадан шыққан әрбір адамның білегіне жармасқан жергілікті таксистер шығушыларға тауардай таласады. Ол адамға такси керек пе, керек емес қарап жатқан ешкім жоқ. Олардан аман өтсеңіз қолдарына бума ақша ұстаған әйел кісілер жібермейді "ақша ауыстыр" деп. Дөрекіліктерінде шек жоқ. Шекара қақпасынан Қазақстанға шыққаннан "арпалыс" басталады. Топырлаған осындай адамдардан өткен адам айналадағы қоқысты та байқамай қоймайды. Қақырып, түкіріп, темекі тұқылын тастап тұрған "жеке таксистер" "күнкөріс қой енді" дегенді айтады. Түсінемін, оңай емес нан табу. Бірақ реттеуге болады ғой бәрін. Жауапты кім бұл жағдайды реттеуге???
Біздің елге келген қонақтардың бірінші әсері осындай жағдаймен қалыптасады.
Кім кінәлі? Қайда ресми түрде арызданамыз? Біле тұра жүре береміз бе байқамағансып? Басшыларға үміт арта аламыз ба?

 

Рүстем Егенбердиев

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер