Грекиядағы өрт. Отшашу атылған яхтаны қазақстандық олигархтың жалға алғаны белгілі болды

931
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Грекияда шыққан өртке себепкерлердің бірі қазақстандық бизнесмендердің бірі екені айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Чемодан госсекретов" телеграм арнасына сілтеп.

Шетелдегі өртке апарып соққан отшашуды атқандардың арасында Данияр Әбілғазин болуы ықтимал.  Телеграм арна ақпаратынша, отшашу ұшырылған яхтаны Әбілғазин жалға алған. Грекияның ішкі істер министрлігі және Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ақпаратқа қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.

Айта кетейік, Данияр Әбілғазин Forbes тізімінде 380 миллион доллар байлығымен 21-ші орында тұр.

Ол отбасымен бірге "Sinooil" ЖШС (Sinooil ЖМҚС желісі), "PetroRetail" ЖШС (QAZAQOIL ЖМҚС желісі) және "Petroleum" ЖШС, "Dostyk Gas Terminal" ЖШС, "Standart Petroleum" ЖШС қатысатын "Mercury Service Company” ЖШС үлестеріне ие. Одан бөлек, Аdd Invest Properties компаниясы арқылы Құлыбаевтармен бірге Keruen city Astana СОО, Keruen СОО, Talan Towers СОО және Астанадағы "Тұран 18" БО, Атырау Baizaar mall СОО және Keruen City Aktobe СОО басқарады. Әбілғазиндер "Аяла" қайырымдылық қорының құрылтайшылары саналады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Грекияда орман өртенгені туралы айтылған болатын.

Пікірлер