Елордада көпқабатты ғимараттағы өрттің таралу қаупі жойылды

957
Adyrna.kz Telegram

Астанада «Rixos  Shatyr Residences» көпқабатты тұрғын үйінен шыққан өрттің таралу қаупі жойылды. Бұл туралы бүгін, 22 маусымда Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп деп хабарлайды «Адырна» тілшісі

«Өрттің алдын-ала ауданы 180 шаршы метрді құрады. Оны жоюға 87 жеке  құрам және 19 бірлік жұмылдыруда»,–делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметі зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін Астанада орталығындағы көпқабатты ғимаратта өрт шығып, 8 адам эвакуацияланған еді.

Пікірлер