Бүгін, 22 маусым күні Астанада «Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі қазір өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Тұрғын үй кешенінің 26 қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды. Департамент қызметкерлері Тұран данғылы 37/9 мекенжайында орналасқан ғимаратта шыққан өртті сөндіруде»,—делінген хабарламада.
8 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде 1 бала бар.
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
View this post on Instagram
<